Тасқала аудандық ауруханасының cайтына қош келдіңіздер! Шұғыл желі телефоны 871139 2-18-86.

 

Адам папиллома вирусы
Адам папиллома вирусы (АПВ) кондилома түзілуімен сипаталатын жиі
таралған вирус. АПВ 100 астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық
түрі қатерлі ісікке алып келеді. АПВ жыныс мүшелерін зақымдап және басқа
адамға жыныстық жолмен беріледі. Вирустар ісік дамуы төменгі және
жоғары қауіпті болып келеді. АПВ төмен қаупті түрі үшкірбасты
кондиломаны шақырады. АПВ жоғары қауіпті түрі жатыр мойның,
вульваның, қынаптың және әйел адамның анал тесігінің қатерлі ісігін шақыра
алады. Ер адамдарда тік ішектің және жыныс мүшесінде ісікті түзілістер
түзілуіне алып келеді.
Адам папилломавирусының таралу жолдары
Адам папиллома вирусының инфекциясы сексуалдық әрекеттер кезінде орын
алады және тері – жанасу арқылы беріледі.Мүшеқап бұл вирустан
Алдын алу мен емдеу жолдары
Жыныстық серіктестердің санын шектеу HPV инфекциясының қаупін
азайтуы мүмкін. Сонымен қатар, сүндеттеу ер адамдарда инфекция қаупін
азайтуға болатын тиімді құрал ретінде көрсетілген.
Адам папиллома вирусының 16-18 қауіпті онкогенді типтеріне қарсы
Гардасил, Церварикс вакцинасы бар.АҚШ- та 2006 жылы мақұлдаған.
Жоғарыда айтылған вакцина 9-21 жас аралығындағы қыз балаларға
жасалынады. Әлемнің 130 дан астам елдерінде АПВ қарсы вакцина егіледі.
Жатыр мойының қатерлі ісігі онкологиялық аурулардың ішінде төртінші
орында. Әр жыл сайын осы диагноз 1700 адамнан анықталып, жыл сайын 600
отбасы анасынан айырылады.Жатыр мойынының қатерлі ісігінің
аурушаңдығының шыңы 40-44 жас.
2013 жылы елімізде 12-14 жас аралығындағы қыз балалаларға вакцина
салудың пилоттық жобасы іске асырылған болатын. Жоба барысында 7121
қыз балалары алған болатын, толық 3 компонентін тек 4217 адам алған. 2015
жылы көптеген бастартулардың және мектеп оқушыларының есінен
тануынан кейін жобаны жапты. 2013 жылы Қазақстанда 4 359 әйел жатыр
мойынының қатерлі ісігінен қайтыс болған.
Жатыр мойының қатерлі ісігі ерте анықталған жағдайда толық емделеді.
Жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында әйелдер жылына 1
рет онкоцитологиялық жағынды тапсыруы тиіс.
 
26 наурыз 2022 ж Тасқала аудандық ауруханасында
ашық есік күні, аудан тұрғындарын тексерілуден
өтуге шақырамыз .
 
ШЖҚ «Тасқала аудандық ауруханасы» МКК дәрігері акушер-гинеколог
Атабаева Н.А.