Тасқала аудандық ауруханасының cайтына қош келдіңіздер! Шұғыл желі телефоны 871139 2-18-86.

ШЖҚ "Тасқала аудандық ауруханасы" МКК-де  пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі (ПҚЖІБҚ) жұмыс істейді, оның функциясына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау кіреді.

Егер де сіз:

- Медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;

- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша қаражатын бопсалау фактісіне тап болсаңыз;

-Сондай-ақ, егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемаларға тап болсаңыз,  пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне хабарласа аласыз.

Пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында ТАА  : - "сенім телефоны" 20-2-77 жұмыс істейді, осы телефон номері арқылы медицина қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады;

- ПҚ және ІБҚ бастығы М. Нигметуллинаға жеке жолығуыңызға болады, №17 кабинет, сағат 8.30. ден 18.00-ге дейі, сондай-ақ, ватсапп арқылы  87478805009 номеріне жүгінуге болады;

-Аты-жөнін және байланыс деректерін (телефоны, мекенжайы)көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыруға болатын " шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер" бар;

- Біздің сайтта бірінші басшының "блог - платформасы"

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде және 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қарайды, Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша міндетті түрде ақпарат береді. ПҚ және ІБҚ емделіп жатқан пациенттердің өздері де, олардың туыстары да өтініш жасауға құқылы.