Құрметті емделушілер!
ШЖҚ "Тасқала аудандық ауруханасы" МКК-де пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі (ПҚЖІБҚ) жұмыс істейді, оның функциясына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау кіреді.
Егер де сіз:
- Медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша қаражатын бопсалау фактісіне тап болсаңыз;
-Сондай-ақ, егер сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемаларға тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне хабарласа аласыз.
Пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында ТАА : - "сенім телефоны" 20-2-77 жұмыс істейді, осы телефон номері арқылы медицина қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады;
- ПҚ және ІБҚ бастығы М. Нигметуллинаға жеке жолығуыңызға болады, №17 кабинет, сағат 8.30. ден 18.00-ге дейі, сондай-ақ, ватсапп арқылы 87478805009 номеріне жүгінуге болады;
-Аты-жөнін және байланыс деректерін (телефоны, мекенжайы)көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыруға болатын " шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер" бар;
- Біздің сайтта бірінші басшының "блог - платформасы"
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде және 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қарайды, Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша міндетті түрде ақпарат береді. ПҚ және ІБҚ емделіп жатқан пациенттердің өздері де, олардың туыстары да өтініш жасауға құқылы.